YouTube балалар жайлы ақпаратты заңсыз жинады деп айыпталды

0
1 604

Атап айтқанда, талап-арызда Google-дың еншілес мекемесі ата-анасының рұқсатынсыз 13 жасқа дейінгі балалар туралы мәлімет жинақтағаны, интернеттегі балалар құпиясын сақтау туралы заңды бұзғаны туралы айтылады.


YouTube балалар жайлы ақпаратты заңсыз жинады деп айыпталды

Бір топ заңгер YouTube видеохостингін кәмілетке толмаған көрермендер туралы ақпаратты заңсыз жинаған деп айыптады. Бұл туралы арызды құқыққорғаушылар АҚШ-тың Федералды сауда комиссиясына жолдады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Атап айтқанда, талап-арызда Google-дың еншілес мекемесі ата-анасының рұқсатынсыз 13 жасқа дейінгі балалар туралы мәлімет жинақтағаны, интернеттегі балалар құпиясын сақтау туралы заңды бұзғаны туралы айтылады.

«Google YouTube-те балалар туралы жеке мәліметтерді жинақтап, қомақты табыс тауып отыр. Бұл заңсыз қызмет көптеген жылдар бойы жалғасып келеді және ондаған миллион американдық балаларды қамтыған», – деп аталып өтілген арызда.

YouTube ережесіне сай, аккаунтқа кірер алдында қолданушы өзінің жасы 13-тен асқанын растауы қажет. Алайда, Trendera компаниясы жүргізген зерттеуде 8 бен 12 жас аралығындағы балалардың 45%-ының YouTube-те аккаунттары бар.