Зеленский мен Украина халқы Нобель сыйлығына ұсынылды

0
710

Сондай-ақ олар Нобель сыйлығына үміткерлерді ұсыну мерзімін 2022 жылдың 31 наурызына дейін ұзартуды сұрайды.


Зеленский мен Украина халқы Нобель сыйлығына ұсынылды

ERNUR.KZ. Еуропалық саясаткерлер тобы, оның ішінде Еуропа мемлекеттерінің бұрынғы және қазіргі министрлері, сондай-ақ депутаттары Украина көшбасшысын Нобель сыйлығына ұсынды, деп жазады Ulysmedia.

Сондай-ақ олар Нобель сыйлығына үміткерлерді ұсыну мерзімін 2022 жылдың 31 наурызына дейін ұзартуды сұрайды. Өйткені өтінімдерді қабылдау іс жүзінде аяқталған.

«Бүгінде Украина халқының батылдығына куә болып отырмыз. Украина президенті Владимир Зеленскийден бастап қарапайым адамға дейін демократия мен тәуелсіздікті сақтау үшін күресуде. Тарихта бұрын-соңды болмаған осындай оқиғаларға байланысты Нобель бейбітшілік комитетінен 2022 жылғы Нобель сыйлығына үміткерлерді қайта қарауға шақырамыз», - делінген хатта.

Саясаткерлер арасында - Эстонияның бұрынғы Сыртқы істер министрі, Еуропалық Парламенттің мүшесі Урмас Пает, Эстонияның бұрынғы премьер-Министрі Андрус Ансип, Гаага стратегиялық зерттеулер орталығының саяси мәселелер жөніндегі директоры және бұрынғы парламент мүшесі Ган тен Бруке, Еуропалық Парламенттің мүшесі және EV вице-президенті Эстер де Ланж, Еуропарламент мүшесі Кэтрин Лангенсипен, Нидерландтың бұрынғы Сыртқы істер министрлері Бернард Бот, Берт Коэндерс және Максим Ферхаген, Нидерландтың бұрынғы премьер-министрінің орынбасары, Еуропарламенттің премьер-министрі Гай Верхофстадт және басқалар бар.