Жаңа Зеландиядағы теракт құрбандарының отбасыларына қаржылай көмек беріледі

0
1 216

Лаңкес Брентон Таррант терактіні Facebook-те тікелей эфирде таратқан.


Жаңа Зеландиядағы теракт құрбандарының отбасыларына қаржылай көмек беріледі

ERNUR.KZ. Жаңа Зеландиядағы терактіде қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге 5 млн доллар көлемінде қаржылай көмек жиналды. Бұл туралы жергілікті қайырымдылық қорлары хабарлады, деп жазады 24.kz.

«Ресми мәліметтерге сай, 103 мың тұрғын ақша аударған. Жақын арада жиналған қаражат лаңкестік әрекет құрбандарының отбасылары мен зардап шеккендердің қажеттіліктеріне жұмсалатын болады», – дейді ұйымдастырушылар.

Еске сала кетейік, өткен жұма күні Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласында белгісіз біреу екі мешітке кіріп, жұма намазына жиналған адамдарға оқ жаудырған. 50 адам қаза тауып, тағы 50-ге жуық тұрғын жарақат алды. Лаңкес Брентон Таррант терактіні Facebook-те тікелей эфирде таратқан. Қазір қанды шабуылға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.