Қараша айынан бері аймақтағы 3 млн жуық тауық жойылған.
ERNUR.KZ. Жапонияның 11 ауданында құс тұмауы өршіп барады. Соңғы рет ауру Коти префектурасында анықталды, деп хабарлайды Хабар24.
Зерттеу барысында мамандар құс тұмауының таралып бара жатқанын растаған соң фермадағы 32 мың құсты жойды. Індет жақын маңдағы елді мекендерде де кең етек жаюда.
Айта кетейік, Жапонияда биыл құс тұмауы қараша айында алғаш тіркелген болатын. Содан бері аймақтағы 3 млн жуық тауық жойылған. Жергілікті билік аурудың өршуіне қарсы шараларды шұғыл қолға алып жатыр. Қазір құс өсірілетін фермаларда карантин жарияланды.