Жыл басынан бері Өзбекстан газ импортын ұлғайтты

0
186

Ал жыл басынан бері Өзбекстан 45,4 млн долларға бағаланған көгілдір отынды экспорттаған.


Жыл басынан бері Өзбекстан газ импортын ұлғайтты

ERNUR.KZ. Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында Өзбекстан шет елдерден 360,2 млн доллардың газын импорттады, деп жазады inform.kz.

Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл импортталған газдың көлемі 2,4 есе көп. Былтыр осы аралықта аталған ел 152,9 млн долларға көгілдір отын сатып алған еді.

Сонымен қатар бұл көрсеткіш 2023 жылы болған жалпы газ импортының жартысынан (былтырғы жалпы импорт - $694,9 млн) асып түсті.

Ал жыл басынан бері Өзбекстан 45,4 млн долларға бағаланған көгілдір отынды экспорттаған. Атап айтқанда, қаңтарда - $21 млн, ақпанда - $5,7 млн және наурыз айында $18,7 млн.