Не себепті коронавирусты кейбірі жеңіл көтереді, енді бірі қатты ауырады - мамандар жауабы

0
773

COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың көпшілігі 60 жастан асқан жандар.


Не себепті коронавирусты кейбірі жеңіл көтереді, енді бірі қатты ауырады - мамандар жауабы

ERNUR.KZ. Норвегиядағы Берген университетінің ғалымдары мен француз ғалымдары не себепті коронавирус жұқтырған адамдардың кейбірі қатты ауырып, ал кейбірі аурудан жеңіл өтіп, COVID-19-дың қауіпті белгілерін сезінбейтінін түсіндірді. Science журналында жарияланған зерттеу нәтижелері туралы EurekAlert сайтында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Мамандар COVID-19-бен ауыратын жас науқастар организмінде инфекциямен күресу үшін бөлінетін интерферондарды, протеиндерді бөгейтін антиденелер бар екенін анықтады. Ұқсас көрініс сирек кездесетін аутоиммунды APS1 ауруы бар адамдарда байқалады. Коронавируспен ауыратын ер адамдарда интерферондарда көбірек антиденелер бар, бұл әйелдердің өлу қауіпі аз және коронавирустық инфекцияның ауыр белгілерінен аз зардап шегетінін түсіндіреді.

Алайда зерттеушілер иммундық жүйенің жұмысындағы бұл COVID-19 өлімінің көптеген себебінің бірі ғана екенін және жастарға тән екенін айтады. Коронавируспен ауыратын қарт адамдар ағзадағы күрделі ақаулардың салдарынан қайтыс болады.

COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың көпшілігі 60 жастан асса да, жастар мен балалардың 5-10 пайызы SARS-CoV-2 салдарынан өмірге қауіп төндіруі мүмкін.