Бүгінгі күннің ЕҢ ЖЫЛДАМ әрі ЕҢ АРЗАН көліктері

0
2 283

Көліктің жылдамдығынан ләззат алу үшін оның қымбат болуы міндетті емес.


Бүгінгі күннің ЕҢ ЖЫЛДАМ әрі ЕҢ АРЗАН көліктері

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін бағасы қолжетімді әрі динамикасы керемет көліктермен таныстырамыз. Қазіргі таңда мұндай көліктердің бірнеше түрі бар.


Geely Coolray - 8,1 секунд

Бұл көліктің бұрынғы 3 цилиндрлі турбо қозғалтқышының орнына 4 цилиндрлі рестайлингтік "Кулрей" қозғалтқышы салынған. Қытайда шығарылған көліктің қозғалтқышы 181 ат күшіне ие. Нәтижесінде, аспан асты елінде әзірленген Geely 100 км/сағ. жылдамдыққа 8,1 секундта жете алады. Comfort класына жататын көліктің бағасы салыстырмалы түрде едәуір арзан.

Жабдықтар жиынтығына аэрбегтер жұбы, климаттық бақылау, қозғалтқышты қашықтан іске қосу, артқы көрініс камерасы, артқы тұрақ сенсоры, жарықдиодты фаралар мен круиздік бақылау кіреді. Орындықтарды, рульді және алдыңғы әйнекті жылыту жүйесі де бар.


Belgee X50 - 8,4 секунд

150 ат күші бар бір жарым литрлік турбо қозғалтқышпен және 7 сатылы жылдамдықты роботпен қораппен жабдықталған бұл қытайлық кроссовер 100 км/сағ. жылдамдыққа 8,4 секундта жетеді.

Көліктің бастапқы нұсқасына тек ең қажетті жабдықтар кіреді: алдыңғы орындықтарды жылыту, медиа жүйесі, артқы көрініс камерасы, круиздік бақылау, түйме және қозғалтқышты іске қосу. Қарапайым кондиционер, екі қауіпсіздік жастықшасы бар. Қалай болғанда да, бұл көлік қызіргі уақытта оңайырақ сатып алуға болатын ең епті қалалық кроссоверлердің бірі ретінде аталады.


Livan S6 Pro - 8,4 секунд

180 ат күші бар қозғалтқыш орнатылған Lifan S6 Pro седанының ең жақсы нұсқасы дәл алдыңғы көлік секілді 100 км/сағ. жылдамдыққа 8,4 секундта жетеді. Модель Hyundai Elantra-ға ұқсас форматта 2016 жылы шығарыла бастаған Geely Emgrand GL үлгісіндегі седан болып саналады.

Бірақ сіз көп нәрсе үнемдей аласыз. Егер көліктің негізгі нұсқасын таңдасаңыз. Ол көліктегі турбо қозғалтқыш 147 ат күшіне ие. 100 км/сағ. жылдамдыққа жету уақыты 8,8 секундты құрайды.

Көлік жиынтығында төрт қауіпсіздік жастығы, эко-былғарымен қапталған интерьер, климаттық бақылау, артқы көрініс камерасы, кілтсіз кіру жүйесі, алдыңғы орындықтарды жылыту және тіпті люк бар.


Omoda C5 - 8.6 cекунд

Ең арзан көліктер қатарындағы танымал Omoda C5 кроссовері ресми түрде ең жылдам көліктер қатарына да кіреді. Бұл көрсеткіш 147 ат күшіне ие 1,5 литрлік турбо қозғалтқыштың нәтижесі. Темір тұлпар аталған жылдамдыққа 9,9 секундта жете алады.

Оның төрт қауіпсіздік жастығы, аралас орындық қаптамасы, екі аймақтық климаттық бақылауы, жылытудың толық жиынтығы, артқы көрініс камерасы, артқы тұрақ датчигі, круиздік бақылау, жарық сенсоры және қашықтан іске қосу мүмкіндігі бар.

Көліктің 1.6 литрлік турбо қозғалтқышпен жабдықталған әрі толық жетекті, жол талғамайтын үлгісі де бар. Ол 100 км/сағ. жылдамдыққа 8,6 секундта жетеді.


VGV U75 Plus - 8,2 секунд

VGV брендінің жаңа моделі – U75 Plus кроссовері 199 ат күшіне ие екі литрлік турбо қозғалтқышпен және сегіз сатылы автоматта беріліс қорабымен жабдықталған. Соның арқасында көлік 100 км/сағ. жылдамдыққа 8,2 секундта жетеді.

Көліктің дөңгелекті көру камералары, төрт қауіпсіздік жастықшасы, панорамалық шатыры, барлық орындықтарды жылыту жүйесі, жүргізуші креслоларын электронды реттеуі, жүксалғышты тетікпен ашу жүйесі сынды жағымды қызметтері бар.

Қытайлық VGV компаниясы CNHTC машина жасау концерніне тиесілі, оның ең танымал өнімі — Sinotruk ауыр жүк көліктері.

Осы орайда аталған көліктер, жалпы заманауи, жылдам әрі арзан көліктердің көбісі қазір Қытайда шығарылып жатқанын атап өту керек. Олардың заман талабына сай екендігі рас, бірақ сапасына қатысты нақты мәлімет айта алмаймыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Тежегіш жүйесінде ЖИІ ПАЙДА БОЛАТЫН ақаулар


Нарықтан ЖОҒАЛЫП БАРА ЖАТҚАН 6 автокөлік