Күз мезгілінің көлікке тигізер ЗИЯНЫ БАР

0
3 757

Бұл ақпараттарды білмесеңіз, әжептәуір шығынға ұшырауыңыз мүмкін.


Күз мезгілінің көлікке тигізер ЗИЯНЫ БАР

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Күз көңіл күйін түсіретін уақыт. Бұл түсінік тіпті жүргізушілерге де байланысты. Сондықтан кейбір кеңестерге құлақ асып, көптеген проблемалардың алдын алған абзал.

Статистикаға сүйенсек, жүргізушілердің басым бөлігі көлікті күз мезгіліне қалай дайындау қажеттігін білмейді екен. Бірақ, сіз олардың қатарында болмағаныңыз жөн. Сонымен көлікті күзге дайындау жайында нені білген дұрыс? Бірге танысайық.


Ылғал – автомобильдің жауы

Күзде толассыз жауатын жаңбыр мен жолдағы шалшықтардың әсерінен көліктің шанағында тот пайда болуы мүмкін. Ал, бұған жол бермеу үшін жаңбырлы маусым басталмай тұрып көлік құралын арнайы коррозияға қарсы заттармен өңдеген дұрыс.

Яғни, автокөлік дүкенінде сатылатын арнайы жақпалармен көлік шанағын өңдеу қажет. Олар көліктің қабырғасын судан пайда болатын микроскопиялық сызаттардан қорғайды.

Есік пен әйнек арасындағы дымқыл лай да терезелердегі сызаттардың себебі болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін жаңбырлы күндердің алдында резеңке тығыздағыштарды ретке келтіріп қою қажет.

Сондай-ақ, күзгі жапырақтар салонға ауа өткізетін жолдарды бітеп тастауы мүмкін.


Қалыпты көруді "жаңбырға қарсы" құрал қамтамасыз етеді

Көбіне нөсер жаңбыр кезінде тазалағыштар әйнектегі суды сүртіп үлгермей қалады. Тиісінше, мұндай жағдайды жолды көру қиындап, көлік жүргізу қауіпті бола түседі. Ал, жүргізушінің барлығы жаңбырдың тоқтағанын күтіп жол жиегінде тұрмайды ғой.

Сондықтан көптеген автокөлік жүргізушілері мұндай проблемаларды болдырмау үшін "Антидождь" деп аталатын препараттың көмегіне жүгінеді. Оның белсенді компоненттері әйнек сүрткіштің суды тез сүртуіне көмектесіп қана қоймай, кірді оңай кетіруге де көмектеседі.


Артық ылғал конденсация тудыруы мүмкін

Жауын-шашын – күз мезгілінің ажырамас бөлігі. Бірақ біз оның салдарын толықтай біле бермейміз. Мәселен, аяқкиім немесе киімдегі ылғалмен көлікке кіреміз. Ал, ол ылғал біртіндеп жиналып, әйнектің булануына соқтырады. Ал, бұл проблеманы жеңілдету үшін салондағы кілемді жиі-жиі кептіріп отыру қажет. Егер терезелердің тұмандануы сейілмесе, мәселе салон сүзгісінде болуы мүмкін. Күз басталарда оны ауыстырған немесе тазалаған дұрыс.


Әйнек жууға арналған сұйықтық

Күзде ауа-райы құбылып, күндіз жарқын күн жарқырап тұрса, түнде аяз түсуі мүмкін. Сондықтан, әйнек жууға арналған сұйықтықтың суық мезгілге арналғанын құйып қойған абзал. Оның көмегімен тіпті терезедегі қырауды да оңай кетіруге болады. Оның үстіне, күн жылы кезде қолданып жүрген сұйықтық суықта қатып қалады.



Аккумулятор – автокөліктің жүрегі

Күзде біз жазда қажет етпеген автокөлік құралдарын жиі қолданамыз. Мысалы, пешті. Ал, бұл кезде аккумуляторға түсетін жүк те ауырлайды. Сондай-ақ, суық мезгілде жаз бойы жылуға үйреніп қалған батареның ішіндегі электролиттің тығыздығы төмендейді, ал суық ауа райының басталуымен ол одан да төмендейді. Нәтижесінде аккумулятордың қуаты таң атқанша таусылып қалуы ықтимал. Сондықтан, күз түсе бастағанда оны жаңарту керек немесе мамандарға жөндеткен дұрыс.


Күзгі жапырақтың түсуі – ауаның салонға кіруіне кедергі болады

Ішкі сүзгі – бұл автомобильдің желдету және жылыту жүйесінің бір бөлігі. Салонға ауаның кедергісіз кіруі үшін оны жаңартып отырамыз. Сондай-ақ, күзде ағаш жапырақтары ауа ағынын тоқтатып, сүзгіні бітеп тастайтынын ескерген абзал. Өйткені, сүзгі бітеліп қалса, жылыту жүйесі дұрыс жұмыс істемейді.


Тежегіш – қауіпсіздік кепілі

Автомобиль тежегіштері әрқашан дұрыс және үздіксіз жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ, күздегі дымқыл, тайғақ жол және тежегіштің кез-келген ақауы апатқа ұшырататынын түсіну керек. Сондықтан, күз басталмай тұрып автомобиль тежегіштерінің жұмысын тексеріп, кемшілік болса бірден түзеген абзал.

Күзде жылдамдықты азайтып жүру қажеттігін де есте ұстаңыз. Себебі, жолдағы ылғал мен жапырақтар жол жабыны мен доңғалақ арасындағы байланысты нашарлатады. Яғни, жылдамдық қатты болса, қандай да бір оқыс жағдайда жол апаты орын алуы мүмкін.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: Заманауи көліктердің КЕМШІЛІГІ ӨТЕ КӨП


Көлік дөңгелегі жарылса, МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОСЫЛАРДЫ ІСТЕҢІЗ