Осы 3 нәрсе жол апатына жиі себеп болуда
Сурет: res.cloudinary.com
Еңбекқор қытай халқы ойы жеткеннің бәрін іс жүзінде жасап, қолы да жететіндей етуден алдына жан салмайды. Айналасы аз ғана жыл ішінде автокөлік өндірісінде үлкен адым аттап, байырғы алпауыттарды қуып жетті. Оған қытайлық көлік маркасының сан алуандығы және дүние жүзінде саудасы сақал сипағанша боп жатқаны дәлел.
Қазақстан автонарығын да жаулағалы бірнеше жыл. Дәл қазір сатылым жағынан көш бастап тұр десек, қателеспеспіз. Автосалондар Қытай көліктеріне толы. Көшелерде де көп көреміз.
Аспанасты елінің автолары бағасы жағынан тиімді болғанымен, қауіпсіздік жағынан әлі де беймәлім тұстары бар. Мәселен, олардың артықшылық ретінде айтылған мына 7 сипаты шын мәнінде кемшілігі де болуы мүмкін.
- Жолақты сақтау жүйесі
Теориялық тұрғыдан бұл өте ыңғайлы нәрсе. Кейде жүргізуші қандай да бір жағдаймен (ұйықтап кету, телефонға ұзақ қарау, жанындағы адаммен сөйлесу, т.с.с.) байқаусызда өз жол жүру жолағынан шығып кетеді. сондайда жолақты сақтау жүйесі автомобиль рулін бұрып, көлікті жолаққа қайта кіргізеді. Өйткені ол жолақты белгілеу сызығын оқи алады және жүрістің қиыс кетпеуін бақылайды.
айтылуында, бұл – керемет. Бірақ шын мәнінде жағдай аздап басқаша болуы мүмкін.
Шын мәнінде қытайлық көптеген бюджеті көліктерде бұл жүйе руль дөңгелегін бірден қатты тартады. Сондықтан автомобиль аздаған қиғаш жүріс емес, айтарлықтай бұрылыс жасап, жолдан шығып кетуі әбден мүмкін. Осыған дейінгі тіркелген жол-көлік оқиғаларында бірнеше рет осы жағдай себеп болған.
Бұл процесс жүргізушінің бақйлауынсыз, оның назары басқа жаққа ауған санаулы секундтарда болады. Сондықтан, жүргізуші дер кезінде рөлді дұрыс бағытқа бұрып үлгерукі үшін уақыт жеткіліксіз. Бір жағынан, жүйе көлікті бірден жұлқи бұратындықтан, жүргізушіде шошу, абыржу сияқты реакция көбірек орын алады. Не болып жатқанын түсініп үлгерместен жол жиегіне бір-ақ шығуы әп-сәтте.
Тағы бір кемшін тұсы, кей көліктердің жолақты сақтау жүйесі жол үстіндегі өзге де сызықтарды жолақ сызығы деп қабылдауы мүмкін. Мысалы, басқа көліктің оқыс тежегіш басуынан қалған дөңгелек ізі.
- Бейімделгіш круиздік бақылау
Қытайдың көптеген бюджеттік автокөлігінде үнемшілдік басты критерийлердің бірі. Сондықтан «круиз» жүйесі радар арқылы емес, алдыңғы әйнектегі стерео-фотоаппарат немесе стерео-камерамен жұмыс істейді.
Стерео-камераның көру қабілеті нашар, сондықтан бұрылу кезінде көлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылдамдықты еш негізсіз, ескертусіз баяулатуы мүмкін. Бұл арттағы көлік үшін айтарлықтай қауіпті.
Елестетіп көріңізші автомагистральда алдыңғы көлік жылдамдықты аяқ астынан 30-40 км/сағ баяулатты. Еш себепсіз. Ескертусіз. Бұл жағдайда артында келе жатқан көлікпен не болады? Тиісті арақашықтықты сақтап келе жатқанның өзінде, мұндай кілт кідіру кезінде көп жағадйда тоқтап үлгермейді.
- Жаңбыр мен жарық сенсорлары
Олар да бастапқыда өте ыңғайлы, тіпті тамаша жаңалық боп көрінуі мүмкін. Бірақ қандай да бір себептермен тіпті өте қымбат қытай көліктерінің өзінде бұл жүйенің ақауы баршылық. Мысалы бір тамшы тамбаған құрғақ ауа-райында ақаулы датчик қате ақпарат беріп, әйнек сүрткіштер өздігінен іске қосылып кетуі мүмкін. Немесе, жарық туралы жаңсақ дабылдың әсерінен фаралар жыпылықтап қоя береді. Жол үстінде жүргізушіге еріксіз іске қосылып кеткен тетіктер, ыңғайсыздық туғызатын әр нәрсе – үлкен кедергі.
Сіз қытай автокөлігін айдап көрдіңіз бе? Бұл жайлы алып-қосарыңыз бар ма?
Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: