Астанада автобуста қызға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамалды

0
254

Оқиға кезінде мас болған 33 жастағы ер адамды басқа жолаушы тоқтатпақ болған.


Астанада автобуста қызға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамалды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Астанада қоғамдық көлікте жолаушы әйелге орынсыз әрекет жасаған 33 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Автобуспен келе жатқан кезде ер адам қыздың бөксесінен ұстаған. Осы сәтте оқиғаның куәсі болған басқа жолаушы оған ескерту жасаған. Алайда ер адам бірден оқиға орнынан қашып кеткен.

«Полиция қызметкерлері қалалық автобуста жолаушы қызға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған 33 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға кезінде ол алкогольдік масаң күйде болған», – деп мәлімдеді Астана қаласының Полиция департаменті.

Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.