Қажетті қоспалар:
- 1 кг күркетауық еті
- 750 гр. саңырауқұлақ
- 650 гр. қаймақ
- 400 гр. пияз
- 50 гр. сары май
- 70 мл өсімдік майы
- 3 тіс сарымсақ
- 1 шай қасық тұз
- 0,5 шай қасық бұрыш
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен қажетті қоспалардың барлығын үстелдің үстіне дайындап аламыз. Содан соң пияздың қабығын аршып, тазалап жуып, жұқалап тураймыз.
- Ал саңырауқұлақты ірілеп турау керек.
- Күркетауықе етін де орташа көлемде турайсыз.
- Енді табаға май құйып, пиязды қуырып аламыз. Қуырылған пиязға саңырауқұлақты қосып, жақсылап қуырылады.
- Сары май қосып, тағы да 5 минуттай қуырасыз. Содан соң дәміне қарай тұз, қара бұрыш қосып, барлығын жақсылап бір араластырып алыңыз.
- Қуырылған саңырауқұлақ пен пиязды бір ыдысқа салып алыңыз да, осы майға күркетауық етін қуырыңыз.
- Қуырылған күркетауық етіне саңырауқұлақ пен қуырылған пиязды қайта саласыз.
- Табаның қақпағын жауып, жай отта 20 минуттай бұқтырасыз.
- Сарымсақ, дәміне қарай тағы да тұз, бұрыш қосып, 2-3 минут бұқтырсаңыз жеткілікті. Дайын тағамды қаймақпен, кез-келген гарнирмен ұсына аласыз.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
