​Грузин тағамы – ЧАШУШУЛИ

0
151


​Грузин тағамы – ЧАШУШУЛИ


Қажетті қоспалар:

  • 350 гр. сиыр еті
  • 200 гр. пияз
  • 350 гр. қызанақ
  • 1-2 дана болгар бұрышы
  • 30 гр. аскөк, бизилик
  • 30 гр. сары май
  • 3-4 тіс сарымсақ
  • Дәміне қарай тұз, дәмдеуіштер қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Етті тазалап жуып, кептіріп, орташа көлемде тураймыз. Қазанға етті салып, су құямыз. Су етті жауып тұратындай құйылуы керек. Етті қайнатып, көпіршігін алып, жай отта 40 минуттай қайнатамыз.
  2. Ет қайнап жатқанда керекті қоспаларды дайындай беруге болады. Пиязды турап, дайындап аламыз. Содан соң суы әбден тартылған етке сары май мен пиязды салып, араластырамыз. Пияз бен етті сәл ғана қуырып, тұз бен дәмдеуіштер қосып жіберуге болады.
  3. Болгар бұрышын орташа етіп турап, қызанақты ірілеп турап, сарымсақты майдалап турап алып, барлығын қазанға саламыз. Егер етте су қалмаған болса, азырақ қайнаған су құйып, қақпағын жауып, 10-15 минуттай бұқтырамыз.
  4. Аскөкті майдалап турап, оны да қазанға салып жіберу керек. Осыдан кейін тағамды тағы да 5 минуттай бұқтырсаңыз жеткілікті. Грузиндер бұл тағамды гарнирсіз дайындайды, ал сіз өзіңізге ұнаған гарнирмен дастарханға ұсынсаңыз болады.



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ДӘМДІ АС: қаймақ тұздығына піскен тауық еті