​Хит салат: «ҚЫТЫРЛАҚ БАЯЛДЫ»

0
1 967

Хит салатты сіз де жасап көріңіз, еш қиындығы жоқ.


​Хит салат: «ҚЫТЫРЛАҚ БАЯЛДЫ»

Мейрамханаларда хит болып жүрген қытырлақ баялды салатын жасаймыз. Мұндай салатты тек аспаздар жасай алады десеңіз, қатты қателесесіз. Ендеше ойланбастан Сіз де әзірлеп көріңіз!


Қажетті қоспалар:

  • 1-2 дана баялды
  • 15 гр. кілегейлі ірімшік (сливочный сыр)
  • Азырақ аскөк
  • 20 гр. жүгері крахмалы
  • 1 бума руккола, салат жапырағы
  • 200 мл өсімдік майы
  • 5 гр. тұз
  • 5 мл күнжіт майы
  • 80 гр. қызанақ
  • 30 мл тәтті чили тұздығы
  • 3 гр. күнзе дәмдеуіші.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен баялдының қабығын жұқалап аршып, төртбұыштап тураймыз. Содан соң тұзды суға салып қою керек. Тұз сіңген баялдылардың суын төгіп, қағаз майлықтың үстіне жайып кептіріп аламыз.
  2. Осылайша дайындалған баялдыларды енді жүгері крахмалына аунатып алу керек. Содан соң қызып тұрған майға салып, 3-4 минуттай қуырамыз.
  3. Қызанақты да ірі көлемде турап, қуырылған бачялды салынған табаққа саламыз. Артынша майдалап туралған аскөк пен күнжіт майын, күнзе, тұз, чили тұздығын қосып, барлығын жақсылап араластыру керек.
  4. Енді салат жапырағы мен руккола көгін турап, тәрелкеге саламыз. Сосын баялды араласпасын осы көктердің үстіне салу керек. Содан соң салаттың бетіне кілегейлі ірімшікті шай қасықпен әр жеріне қойып шығамыз. Бетіне сән беру үшін соя соусу мен күнжітті себелеу керек. Сонда салатымыз да дайын болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тауық еті мен күріштен өте оңай пісірме