Қажетті қоспалар:
- 700 гр. тауық еті
- 1 стақан күріш
- 2 стақан су
- 1 дана сәбіз
- 1 ас қасық томат
- 2 тіс сарымсақ
- 20 гр. өсімдік майы
- Тұз және дәмдеуіштер
Дайындалу тәсілі:
- Алдымен күрішті бірнеше рет жуып, суын төгіп тастау керек. Содан соң ыстыққа төзімді формаға күрішті жайып саламыз.
- Томат пен суды араластырып, күріштің барлық жеріне бірдей құйып шығу керек.
- Тауық етін ірілеп турап, тазалап жуып, формаға саласыз. Сосын үстінен алақанмен басуға болады.
- Сәбіздің қабығын аршып, салқын сумен жуып, дөңгелектеп тураңыз да, тауық етінің бетіне салыңыз. Сарымсақты арнайы езгіштен өткізіп, формаға саласыз да, бетіне тұз, бұрыш себелеуді ұмытпаңыз.
- Форманың бетіне фольга қағазын жауып, пешке салыңыз. Артынша пешті 180 градусқа қойып қыздырып, тауық еті қосылған пісірмені саламыз. 20-30 минуттан кейін бетіне жабылған фольганы алып тастап, пеште тағы да 20-30 мминуттай ұстаймыз.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Мексикандық әдіспен дайындалған ЭНЧИЛАДА
Тауық етінен дайындалатын ең дәмді тағам