Хит тағам: картоптан жасалған «ұяшықтар»

0
2 422


Хит тағам: картоптан жасалған «ұяшықтар»

Бұл өте дәмді әрі ерекше тағамдардың бірі. Ересектер ғана емес, картоптан жасалған «ұяшықтарды» балалар да жақсы көреді.

Қажетті қоспалар:

  • 5 дана картоп
  • 1 дана пияз
  • 1 дана тәтті бұрыш
  • 450 гр. фарш
  • Тұз, паприка, қара бұрыш
  • 1 дана қызанақ
  • 1-2 ас қасық томат
  • 1 тіс сарымсақ
  • 30 гр. сары май
  • 1 бума аскөк
  • 100 гр. ірімшік

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен картопты тұзды суға салып қайнатып аламыз.
  2. Пияздың қабығын аршып, майдалап турап, майға қуыру керек. Артынша ұзыншалап туралған болгар бұрышын қосамыз.
  3. Осы қуырмаға фаршты салып, ары қарай қуырамыз.
  4. Фаршты жақсылап қуырғаннан кейін томат пен майдалап туралған немесе үккіштен өткізілген сарымсақты саласыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш, дәмдеуіштер қосуға болады.
  5. Піскен картопты езіп, бір түйір сары май салып, майдалап туралған аскөкпен араластырамыз.
  6. Қолымызға өсімдік майын жағып, картоптан домалақ бауырсақтар жасаймыз. Сосын формаға жайғастырып, әрбір бауырсаққа ұқсас домалақ картоптардың ортасынан шұңғылша жасап, салманы саламыз. Бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелеп, 200 градусқа қыздырылған пеште 10-15 минут пісіреміз. Картоп қызарып піскенде пештен алуға болады. Тағамымыз дайын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


5 минутта дайындалатын ТОРТҚА арналған КРЕМДЕР


Картоп салынған пісірме