Қажетті қоспалар:
- 90 гр. ұн
- Шым-шым тұз
- 50 гр. сүт
- 10 гр. сары май
- 150 гр. картоп
- 1 ас қасық майонез
- 100-200 гр. ірімшік
Дайындалу иәсілі:
- Ең алдымен тағамның қамырын дайындап аламыз. Табаққа ұнды салып, оған тұз, жылы сүт пен ерітілген сары май қосып, жұмсақ қамыр илейміз.
- Қамырды пленкамен орап, 15 минутқа қалдырамыз.Осы уақыт аралығында салмасын да дайындап үлгереміз.
- Картоптың қабығын аршып, тазалап жуамыз да, су құйып қайнатамыз. Азырақ тұз қосуға болады.
- Піскен картопты езіп, 1 ас қасық майонезбен араластыру керек.
- Қамырды жайып, оның бетіне үккікштен өткізілген ірімшікті жайып салып, картоп езбесін де салып шығамыз. Картоптан соң тағы да ірімшік саламыз.
- Енді қамырдың жан-жағын жинап, ортасына жинап жабыстырып, арғы бетін аударамыз. Қамырды домалақтап жайып, құрғақ табаға салып пісіреміз. Жан-жағы қызара бастағанда сары май жағуды ұмытпаймыз.
- Екінші бетін аударамыз да, тағы да сары май жағып пісіреміз. Дайын пісірмені дастарханға қойып, ыстықтай жей беруге болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз: