Көкөністерден дайындалған ҮШтік салат

0
183


Көкөністерден дайындалған ҮШтік салат


Қажетті қоспалар:

  • 700 гр. баялды
  • 500 гр. қызанақ
  • 600 гр. болгар бұрышы
  • 300 гр. пияз
  • 15 гр. сарымсақ
  • 5 гр. чили бұрышы
  • 10 гр. тұз
  • 20 гр. қант
  • 20 мл сірке суы

100 мл өсімдік майы


Дайындалуы:

  1. Баялдыны тазалап жуып, 1 см қалыңдықта дөңгелектеп тураңыз. Сосын баялдыны шұңғыл табаққа салып, тұзбен араластырып, 20 минутқа қалдырыңыз.
  2. Осы уақыт өткеннен кейін баялдыларды судан алып, чвлқын сумен жуып, кептіріп қойыңыз. Қазанға май құйып, баялдыларды салып қуырасыз.
  3. Қызанақты да тазалап жуып, 6 бөлікке бөліңіз. Болгар бұрышын ортасынан бөліп, дәндерін тазалаңыз. Сосын ұзыншалап турап, ал ащы бұрышты текшелеп тураған дұрыс.
  4. Пияздың қабығын аршып, жартылай дөңгелктеп турап, сарымсақты да майдалап тураңыз. Ең дұрысы арнайы құралмен езген дұрыс. Енді қазандағы көкөністерге туралған қызанақ, сарымсақ, болгар бұрышы мен чили бұрышын саласыз. Қазанды отқа қойып, қайнаған соң тұз, бұрыш, қанит пен сріке суын қосып, барлығын жақсылап араластырыңыз.
  5. Қазанның қақпағын жауып, жай отта 30 минуттай қайнатасыз. Ал салат қайнап жатқанда банкілерді стерилдей бересіз.
  6. Дайын салатты банкілерге құйып, қақпағын жақсылап бұрап жауып, салқын жерде сақтаңыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қысқа арнап ЖЕҢІЛ де ДӘМДІ салат жауып алыңыз