Күріш пен тауық етінен дайындалған пісірме

0
172

Өте дәмді әрі жеміс қосылған пісірмені бұрын-соңды жасап көрдіңіз бе?


Күріш пен тауық етінен дайындалған пісірме

Қажетті қоспалар:

  • 150 гр. күріш
  • 300 мл сүт
  • 250 мл су
  • 30 гр. қант
  • 1 дана жұмыртқа
  • 50 гр. мейіз
  • 30 гр. қаймақ
  • 5 гр. сары май
  • Тұздыққа:
  • 150 гр. алма
  • 300 мл су
  • 50 гр. қант
  • 15 гр. жүгері крахмалы
  • 1 шай қасық лимон шырыны
  • Дәміне қарай даршын дәмдеуіші


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен күрішті тазалап жуып аламыз. Кастрөлге күрішті салып, сүтті құйып, жай отта қайнатамыз. 15 минут қақпағын жауып қайнатып, пісіріп аламыз. Мейізді жуып, суға салып жібітіп қою керек.
  2. Жұмыртқаны табаққа жарып салып, қант қосып, шанышқымен араластырыңыз.
  3. Күріш ботқасын суытып, оған жұмыртқаны қосасыз. Сөйтіп барлығын жақсылап араластырамыз. Осы араласпаға мейізді салып, тағы бір араластырасыз. Осылайша араласған массаны майланған формаға салыңыз.
  4. Жұмыртқа мен қаймақты араластырып, осы ботқаның бетіне тегістеп жағып шығыңыз. Пешті 180 градусқа қойып қыздырып, форманы салып, 30-35 минут пісіреміз.
  5. Алмаларды жуып, майдалап турайсыз. Туралған алманы кастрөлге салып, лимон шырынын себелеңіз. Су құйып, отқа қойып қайнатыңыз. 15 минутта алма да дайын болады. Алмадан езбе жасап, алманы қайнатқан суға саласыз. Судың 100 мл алып қалуды ұмытпаңыз. Алмаға қант, даршын қосып, қайнатасыз.
  6. Алма қайнаған суға крахмалды салып, жақсылап араластырып, осы араласпаны алма езбесіне қосыңыз. Барлығын бір қайнатып жіберіп, пісірменің бетіне құйысаңыз болғаны. Осылайша пәсірме де дайын болады.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Шұжықтан палау дайындап көрдіңіз бе?