Гуляш пісіре білесіз бе?

0
1 031


Гуляш пісіре білесіз бе?

Қажетті қоспалар:

  • 800 гр. сиыр еті
  • 500 гр. картоп
  • 300 гр. қызанақ
  • 200 гр. сәбіз
  • 1 дана пияз
  • 50 гр. ұн
  • 40 гр. сары май
  • 20 гр. паприка
  • 1 гр. тмин
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш

Дайындалу тәсілі:

  1. Етті жуып, міндетті түрде кептіріңіз.
  2. Целлофан пакетке туралған сиыр етін салып, ұн қосыңыз. Сөйтіп пакетті жауып, ұн еттің барлық жеріне тиетіндей етіп шайқаңыз.
  3. Картоптың қабығын аршып, ірірек көлемде турау керек.
  4. Сәбіздің де қабығын аршып, дөңгелектеп турауға болады.
  5. Қызанақтарды жуып, оны да ірі етіп турайсыз. Пиязды аршып, майдалап турау керек.
  6. Қазанға сары майды салып ерітіп, пиязды салып қуырасыз. Пиязбен бірге 1-2 тіс сарымсақты да қуырып жіберуге болады.
  7. Енді ет пен паприка, тмин дәмдеуіштерін қосып, 5-7 минуттай қуырыңыз. Ыстық су немесе сорпа құйып, араластырыңыз.
  8. Қазанға туралған сәбіз, картоп пен қызанақты салып, тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластырасыз. Қазан қайнаған соң, отты басып, гәляшты 1-1,5 сағаттай бұқтырыңыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ДӘМДІ МӘЗІР: табада піскен жульен