Халыққа танымал жүзімнен ерекше дәм жасауға болады.
Қажетті қоспалар:
- 10 дана жүзім
- 2 ас қасық сүт
- 150 гр. йогурт
- 1 ас қасық бал
- 3-4 текше мұз
Дайындалу тәсілі:
- Алдымен жүзімді тазалап жуып аламыз.
- Содан соң блендердің ыдысына сүт пен қажетті мөлшерде йогурт құйып, балды саламыз.
- Оның үстіне жүзімді және мұзды салу керек.
- Блендерді ең жоғарғы жылдамдығына қойып, айналдырасыз. Дайын смузиді бокалдарға құйып, оны өзіңіздің қалауыңызбен әсемдесеңіз болады.
Тәтті жүзім мен балдыркөктен смузи
Қажетті қоспалар:
- 2 дана балдыркөк
- 0,5 кг жүзім
- Дәміне қарай азырақ саумалдық
- 1-2 тал насыбайгүл
- 1 ас қасық су
Дайындалу тәсілі:
- Смузидің дайындалуы өте оңай. Бұл мәзірді дайындау үшін блендер болса жеткілікті.
- Барлық қоспаларды блендерге салып, ең жоғарғы жылдамдықпен араластырасыз.
- Содан соң дайын смузиді стақанға немесе бокалға құйып шіе беруге болады. Тіпті, смузидің бетін құрмамен немесе көктермен әсемдеп, қонақтарға ұсынуға да болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: