АСҚАБАҚТАН КӘМПИТ жасауға болатынын білесіз бе?

0
238

Кәдімгі пеште пісіресіз. Өте дәмді әрі пайдалы кәмпит.


АСҚАБАҚТАН КӘМПИТ жасауға болатынын білесіз бе?


Қажетті қоспалар:

1,5 кг асқабақ

750 гр. қант

1 шай қасық лимон қышқылы

Мускат жаңғағы

дәміне қарай даршын

1 ас қасық қант ұнтағы

1 ас қасық жүгері крахмалы

Дайындалу тәсілі:

1. Асқабақты жақсылап жуыңыз, қабығын аршып, тұқымдарын алып тастаңыз. Сосын асқабақты шамамен 1x1 см көлемінде текшелеп турап, кастрөлге салыңыз. Мұндай мөлшердегі тәттіні дайындау көп уақытты қажет етпейді және олар дайын болған кезде жеуге ыңғайлы болады.

2. Асқабаққа қант қосып, біркелкі араласқанша араластырыңыз. Қақпағын жауып, 6-10 сағатқа қалдырыңыз. Бір сағат сайын араластырып отыруды ұмытпаңыз. Осылайша қант тезірек ериді және асқабақтың шырыны шығады. Түнгі уақытқа қалдырсаңыз да болады.

3. Таңертең лимон қышқылы мен дәмдеуіштерді қосыңыз, араластырыңыз.

4. Жоғары отқа қойып, қайнатыңыз және асқабақ жұмсақ болғанша пісіріңіз. Оны толығымен пісіруге болмайды, әйтпесе ол джемге айналып кетеді. 3 минутта дайын боп қалуы керек. Содан соң асқабақты толығымен суытыңыз.

5. Асқабақты дуршлагқа салып, барлық сиропты төгіп тастаңыз. Сиропты 5-7 минут қайнатыңыз. Асқабақтың үстіне ыстық сиропты құйыңыз, ол сироппен толығымен жабылып, салқындатылады.

6. Жаңағы этапты тағы бір қайталап, содан кейін асқабақ бөліктерін дуршлагқа салып, сироптың толығымен ағып кетуі үшін 1,5-2 сағатқа қалдырасыз.

7. Пешті 100 градусқа дейін қыздырыңыз. Асқабақ бөліктерін бір-бірінен алшақ етіп, жабысып қалмас үшін пергамент төселген формаға жайып салыңыз. Пеште есігі ашық күйде 2-3 сағат құрғатыңыз.

8. Асқабақтың көлемі кішірейіп, сәл шыны тәрізді болуы керек. Пеште қатты пісіп кетпес үшін сақ болыңыз, тәтті асқабақ құрғақ және қатты болмауы керек. Беті сәл жабысқақ болып қалуы мүмкін. Асқабақты жалпақ ыдысқа салып, бөлмеде қалдырыңыз (құрғақ ауасы бар жақсы желдетілетін бөлмені таңдаңыз).

9. Қант ұнтағын крахмалмен араластырыңыз және бұл қоспаны тәтті асқабақтың үстіне себіңіз, мұқият араластырыңыз. Бір-біріне жабысып қалған бөліктер болса, оларды барлық жағынан ұнтақпен араласатындай етіп бөліңіз. Салқын, құрғақ жерде жабық контейнерлерде сақтаңыз. Сонымен асқабақтан дайындалған кәмпиттеріміз де дайын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қып-қызыл боп пісетін сүзбелі бөлішке