Қуырылған картоп аадм ағзасына зиянды екенін білсек те, бұл тағамнан еш бас тарта алмаймыз. Бірақ пеште піскен картопты жеп көрсеңіз, қуырылған картоптан бас тартарыңыз анық.
Қажетті қоспалар:
- 350 гр. тауық немесе сиыр еті
- 150 гр. саңырауқұлақ
- 300 гр. картоп
- 100 гр. сәбіз
- 100 гр. пияз
- 30 мл өсімдік майы
- Дәміне қарай тұз, бұрыш
- 300 мл су
- 15 гр. ақжелкен
Дайындалуы:
- Тағамды дайындауды бастамас бұрын, саңырауқұлақты қайнатып алу керек.
- Картоптың кез-келген сұрпын қоса беруге болады.
- Пияз бен сәбізді, картопты аршып, тазалап жуып алыңыз.
- Тауық етінің терісін алып, салқын сумен жуыңыз. Содан соң тауық етін ірілеп турап, шұңғыл табаққа саласыз. Егер тауықты терісімен дайындағыңыз келсе, оны да қосуыңызға болады.
- Картопты да орташа көлемде турап, тауық етіне қосыңыз.
- Енді пияздың қабығын аршып, жұқалап турап алу керек. Сәбізді де аршып, дөңгелектеп турайсыз. Сосын картоп пен тауық етіне қосып, жақсылап араластырып аласыз.
- Саңырауқұлақтың да жақсыларын таңдап, бір жуып жіберу керек. Саңырауқұлақтарды ірілеп турап, оны да табақтағы қоспалармен араластырасыз.
- Табақтағы араласпаға тұз, бұрыш салып, өсімдік майын құйып, басқа да дәмдеуіштерді себелеп, барлығын жақсылап араластырып алыңыз.
- Пісірмеге арналған формаға табақтағы тауық еті мен көкөністерді жайып саласыз.
- Артынша ыстық су құйып, бетіне фольга қағазын жауып, қызып тұрған пешке салып пісіріңіз. 1-1,5 сағатта пісірме де дайын болады.
- Осы уақыт өткеннен кейін фольганы алып тастап, тағамды ыдысқа салыңыз да, бетіне көктерді себелеп, дастарханға ұсына берсеңіз болады.
Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Апельсин мен жұмыртқа диетасы 7 күнде 5 келі салмақтан арылтады