Апельсинге аллергиясы барларға, ас мәзіріне грейпфрут жемісін қосуға болады.
Қазіргі таңда өте кең таралған диетаның бірі – апельсин мен жұмыртқа диетасы. Аталмыш диета жайында естіп, көріп жүрген боларсыз. Дегенмен бұл диета жайлы оқыған кезде немесе сұлулардың нәтижелерін көрген кезде еріксіз сымбатыңызды қалыпқа келтіріп, әдемі бола түскіңіз келетінін жасырмайтын боларсыз. Алайда апельсиннің де, жұмыртқаның да дәруменге бай, құнарлы тағамдар екенін еске алсақ, диетаның расында да бірнеше килограмм салмақты жоғалтуға септігі тиетін сияқты. Оның үстіне апельсин мен жұмыртқа бір-біріне жақсы үйлесетін тағамдар екені даусыз.
Ағзаны токсиндер мен шлактардан тазартып, иммунитетті көтеретін қатал емдәмнің сіз білмейтін пайдасы да, сыры да көп. Соның ішінде арықтауды армандап жүргендерге айтарымыз – егер барлық кеңестерді бұлжытпай орындайтын болсаңыз 7 күнде 5-6 келі салмақ тастауға мүмкіндік бар.
Бірақ апельсинге аллергиясы барларға, ас мәзіріне грейпфрут жемісін қосуға болады.
Апельсин мен жұмыртқа диетасын ұстағанда мына ережелерді міндетті түрде сақтаңыз:
- Күніне 3 рет тамақтанасыз, тамақтану арасында тіскебасар жеуге болмайды.
- Қатаң мәзірден тыс ештеңе жеуге болмайды.
- Кем дегенде күн сайын 2 л таза су ішіңіз. Көк шай немесе қантсыз кофе ішуге болады.
- Барлық тағамды тұзсыз, майсыз дайындайсыз.
- Алкогольді сусындарды ішуге түбегейлі тыйым салынады.
- Көкөністерді суға қайнатып пісіру керек.
- Кешкі асты 18:00-ге дейін ішу міндетті.
Апельсин мен жұмыртқа диетасы
Диетаның аты айтып тұрғандай емдәм мәзіріне тек апельсин мен жұмыртқа кіреді. Су ішу міндетті екенін жоғарыда айтып өттік. Олай болса, 7 күнге арналған диета мәзірін назарларыңызға ұсынамыз.
1-күн
Таңғы ас: 1 дана апельсин, 2 дана қайнатылған жұмыртқа, қантсыз бір шыны көк шай.
Түскі ас: 1 дана апельсин, 1 дана қайнатылған жұмыртқа, 150 гр. қайнатылған тауық еті.
Кешкі ас: 1 стақан айран, 200 гр. қайнатылған тауық еті.
2-күн
Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 стақан апельсин шырыны.
Түскі ас: 2 дапна апельсин, 150 гр. қайнатылған немесе бұқтырылған тауық еті, 1 стақан таза су.
Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 дана апельсин, 1 стақан сүт.
3-күн
Таңғы ас: Димон шырыны қосылған 1 стақан су, 1 дана қайнатылған жұмыртқа.
Түскі ас: 200 гр. қайнатылған сиыр еті, 1 дана апельсин.
Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 стақан минералды су.
4-күн
Таңғы ас: Шым-шым тұз бен аскөк қосылған омлет (3 дана жұмыртқадан).
Түскі ас: 2 дана қайнатылған немесе бұқтырылған тауық аяқтары, салат жапырақтары.
Кешкі ас: 2 дана апельсин, 1 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 стақан су.
5-күн
Таңғы ас: 1 дана сәбіз бен 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 ас қасық майсыз қаймақ қосып дайындалған салат.
Түскі ас: 1 стақан апельсин шырыны, 2 дана балғын сәбіз.
Кешкі ас: 1 дана қайнатылған жұмыртқа, лимон шырыны қосылған 200 гр. қайнатылған немесе бұқтырылған балық.
6-күн
Таңғы ас: 150 гр. сүзбе, 1 сатақан апельсин шырыны.
Түскі ас: 2 дана апельсин, 2 дана қайнатылған жұмыртқа.
Кешкі ас: Өте көп мөлшерде су ғана ішесіз.
7-күн
Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 0,5 бөлік апельсин.
Түскі ас: 1 дана апельсин, 200 гр. қайнатылған сиыр еті.
Кешкі ас: Өте көп мөлшерде су ғана ішесіз.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: