Инвестиция деген не?

0
7 792

Қоғамда өз кәсібіне инвестор іздеп жүргендерді жиі кездестіруге болады. Ендеше, бүгін инвестиция мен инвесторлар туралы айтып, олардың түрлерімен танысатын боламыз.


Инвестиция деген не?

Қоғамда өз кәсібіне инвестор іздеп жүргендерді жиі кездестіруге болады. Ендеше, бүгін инвестиция мен инвесторлар туралы айтып, олардың түрлерімен танысатын боламыз.

Инвестиция дегеніміз - табыс алу үшін шаруашылық жүргізуші субьектілері салатын қаражат. Ал оны жүзеге асыратын адамды инвестор деп атаймыз.

Инвестор - үнемі табыс алуға, капитал құнының өсуіне мүдделі болады. Біздің елімізде инвесторларды шетелдік және ұлттық деп екіге бөледі.

Шетелдік инвестор дегеніміз өзге елдің азаматтары болса, ұлттық инвесторлар Қазақстанда тұрақты тұратын, отандық инвестицияны жүзеге асыратын адам.

Инвестор қаржысы салыну мақсаты мен қаржыландыру көздеріне қарай капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция және қоржындық инвестиция болып бөлінеді. Ол инвестиция қаржылану уақытына қарай қысқа және ұзақ мерзімдік инвестиция болып қарастырылады.

Қазіргі күні бір кәсіпті нөл қаражатпен бастау үшін инвестор, болмаса серіктес табудың маңызы зор. Әрі бұл соңғы кезде жиі тәжірибеден өтіп жүр.

Өз кәсібіңізді қаржыландыратын инвестор табу үшін түрлі бизнес тренингтер мен семинарларға жиі бару керек. Сондай-ақ, ондай шараларда өз стартабыңызды жарнамалаудан қорықпау керек.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @Karashash_esenbay

ERNUR.KZ.