ТМД елдерінде 5 млн. АҚШ долларының дүниесі бар азаматтар қатары 2017 жылдың қорытындысы бойынша 27%-ға ( 42 мың 390 адам) көбейген.
ТМД елдерінде 5 млн. АҚШ долларының дүниесі бар азаматтар қатары 2017 жылдың қорытындысы бойынша 27%-ға ( 42 мың 390 адам) көбейген. Бұл көрсеткіш жалпыәлемдік байлардың көбею қарқынынан да тез. Knight Frank компаниясы жариялаған бай адамдар туралы баяндамада (The Wealth Report) әлемде қаржылай жағдайы жақсарып келе жатқандар 9%-ды құрайтыны айтылған.
Басылым келтірген деректерге сүйенсек, ТМД елдеріндегі мультимиллионерлердің көбею қарқыны ғаламшардың өзге аумақтарынан да жылдам. Мысалы Солтүстік Америкада ол 5%-ді құраған.
Поткеңестік аймақтың мұндай жетістігін, зерттеу авторлары, Ресей және Орталық Азия елдерінің дағдарыстан шыққанында деп түсіндіреді. Бірақ, бұл елдер тобы 2012 жылғы көрсеткішке жете қойған жоқ. Ол кезде ТМД аумағында барлығы 66 мың 700 мультимиллионер болған! Сарапшылар ТМД-да байлардың қатары көбейгенімен, айтылған меже алдағы бес жылда да бағындырылмайтынын болжап отыр. 5 млн. доллар дүниесі барлар Ресей мен ТМД- да 53 мың адамнан асуы ықтимал.
Посткеңестік кеңістікте дүниесі 50 млн. доллардан асқандар саны да артқан. Бұл көрсетікш 26%-ға өсіп, 2870 адамды құрапты. Ал, $500 млн. және одан жоғары капитал қожайындарының саны 250 адамға жетіп, 19%-ға көбейген. Тағы да айта кетейік, бұл посткеңестік елдердегі байлардың саны.
Сарапшылар олардың ақшасы алдағы уақытта да көбейе береді деп отыр.
Айта кетейік, әлемде барлығы 2 млн 515 мың 480 мультимиллионер бар. Былтыр олардың қатарына 215 мыңдай адам қосылған. 2022 жылға қарай бай-қуаттылар тағы да миллионға артады деген жорамал да жоқ емес.
2017 жылғы дерек бойынша 929 мультимиллионер солтүстік Америкада тұрады. Екінші орында - Азия. Мұнда 687 мыңға жуық миллионер бар. Кәрі құрлық - Еуропа үшінші орында. Бұл аумақта 650 мың мультимиллионер тұрады екен.
ERNUR.KZ