1 мамырға арналған ауа-райы болжамы жарияланды

0
1 847

Солтүстік және оңтүстік облыстарында циклонның әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, ауа-райы құбылмалы болады.


1 мамырға арналған ауа-райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" орталығы Қазақстанда ауа температурасының күрт төмендейтіні жайлы болжам жасаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құбылмалы атмосфералық процестер Қазақстандағы демалыс күндеріндегі ауа-райын айқындайды.

Республикамыздың солтүстік және оңтүстік облыстарында циклонның әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, ауа-райы құбылмалы болады. Республикамыздың батыс бөлігінде Қара теңіз жақтан ойысқан антициклон әсер етіп, күн күрт салқындайды, ол шығысқа қарай жылжып жауын-шашын тоқтайды, алайда сынап бағаны біршама төмендейді, деп хабарлайды "Қазгидромет".