1 млн қазақстандыққа азық-түлік үшін қаражат беріледі

0
788

Еңбек министрлігі азық-түлікпен қамтамасыз етеді.


1 млн қазақстандыққа азық-түлік үшін қаражат беріледі

ERNUR.KZ. Төтенше жағдай кезінде бір миллион қазақстандыққа азық-түлік үшін ақша төленетіні туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Үкімет басшысы мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуді еңбек министрлігіне тапсырды.

"Еңбек министрлігіне төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдеріне және ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл - 1 миллионнан астам адамды құрайды", - деді үкімет басшысы.