14 қаңтарда сайланған Сенат депутаттарына куәлік табыс етілді

0
675

14 қаңтарда кезектен тыс Сенат депутаттарының сайлауы өткен еді.


14 қаңтарда сайланған Сенат депутаттарына куәлік табыс етілді

ERNUR.KZ. 14 қаңтарда өткен кезектен тыс Сенат сайлауының жеңімпаздары ресми түрде депутат атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап сіздердің ҚР Сенаты депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталды. Сіздер еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы ҚР Парламенті депутаттары болдыңыздар. Сонымен қатар 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауына байланысты жаңа құрам сайланғанға дейін сіздер Сенат депутаттары ретінде Конституциялық заңдарды қабылдау бойынша міндеттерді орындайсыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

ОСК төрағасы 20 Сенат депутаты және қайта тағайындалған халық қалаулысы Андрей Лукинге депутаттық куәлік табыс етіп, төсбелгі тақты.

Еске салсақ, 14 қаңтарда кезектен тыс Сенат депутаттарының сайлауы өткен еді. Саяси науқан нәтижесінде 20 өңірден бір-бірден депутат сайланды.

Одан бөлек, депутаттық өкілеттігі тоқтатылған Андрей Лукин қайта сенатор болып сайланды.