​14 метр тереңдікте тікұшақтың сынықтары мен мәйіт анықталды - Қорғаныс министрлігі

0
265

Шұғыл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратты.


​14 метр тереңдікте тікұшақтың сынықтары мен мәйіт анықталды - Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

ERNUR.KZ. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға болған алғашқы сағаттардан бастап Қорғаныс министрлігінің басшылығымен тәулік бойы барлық қажетті күштер мен құралдарды жұмылдыра отырып, іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде, деп жазады kaz.inform.kz.
Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың бірлескен жұмысы аясында, «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамының қолдауымен спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулер жүргізілді.

Бұл тікұшақтың ықтимал орналасқан аумағын анықтауға мүмкіндік берді. Аталған ауданға жедел түрде іздеу топтары мен арнайы техника жөнелтілді.

Су астындағы жұмыстар барысында ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері шамамен 14 метр тереңдікте әуе кемесінің ішінара сынықтары мен бір адамның мәйітін анықтады.

Қазіргі уақытта сәйкестендіру процедурасы жүргізіліп жатыр.

“ Лай су салдарынан су астын көру қиын болып отыр. Сол себепті іздеу жұмыстары қиындап барады. Бұл жағдай сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын да айтарлықтай баяулатады. Қиын жағдайға қарамастан, жұмылдырылған барлық күштер операцияны мүмкіндігінше тез аяқтау үшін үйлесімді әрі мақсатты түрде әрекет етіп жатыр “, -делінген хабарламада.