14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгереді

0
693

​14 наурыздан бастап eGov.kz порталына логин/пароль және бір реттік СМС арқылы кіру мүмкін болмайды.


14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгереді

ERNUR.KZ. Бұл туралы eGov.kz порталының әлемуеттік желідегі ресми парақшаларында «Маңызды ақпарат!» айдарымен мәлімет пайда болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«14 наурыздан бастап eGov.kz порталының пайдаланушылары үшін логин/пароль және бір реттік СМС арқылы кіру жеке-жеке қол жетімсіз болады.

Енді eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады. Олар:

• логин / ЖСН енгізу;

• құпиясөзді енгізу;

• мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Аталған әрекеттерді компьютер арқылы қалай іске асыруға болатыны туралы бейне-нұсқау да берілген.

«Енді eGov порталына кіру үшін пайдаланушылар логин немесе ЖСН-ді енгізіп, құпия сөзді теру қажет. Телефон нөміріне жіберген бір реттік SMS-кодты енгізу арқылы кіруді растау керек. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі», - делінген бейне-нұсқауда.