Ер адамның оғаш қылықтарына қарамастан, сарапшылар онда психикалық ауытқу барын анықтаған жоқ.
ERNUR.KZ. Қарағандыда көршісіне себепсіз шабуыл жасап, оған 17 рет пышақ салған ер адамға үкім шығарылды. Жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.
Былтыр 15 қарашада Валентин Бутенко қатыгездікпен өлтірілген. Сол күні таңертең ер адам түнгі ауысымнан үйіне келген. Майқұдық шағын ауданындағы 11А үйінің кіреберісінде оған күтпеген жерден көршісі шабуыл жасаған. Ол өз әрекетін түсіндірместен Валентинге шабуылдап, оған 17 рет пышақ сұққан. Ер адам сол жерде қайтыс болды.
"Мен шыққанда жерде қансырап жатты. Сөйлеуге шамасы келмеді. Көрші түнде күйеуім оның әпкесін зорлағанын айтты. Қанды тоқтатуға тырыстым. Жедел жәрдем келген кезде ол қаза болды", - деп есіне алды марқұмның әйелі Марина Егорова.
Айыпталушы айтқан айғақтарын сотта өзгерткен. Ол көршісі жиі шулайтынына және жоғарыдан су аққанына байланысты екеуінің арасында жанжал болғанын айтқан. Алайда оның сөзін ешкім растамады. Тергеу кезеңінде оның әпкелерінен де жауап алынған. Олардың ешқайсысы зорлау нұсқасын растамады.
"Ол пәтеріміздің есігін бірнеше рет қағып, күйеуімді сұрады. Түнде және таңертең. Есікті ашпадым", - дейді Марина.
Ер адамның оғаш қылықтарына қарамастан, сарапшылар онда психикалық ауытқу барын анықтаған жоқ. Керісінше, сотта ол кісі өлтіруге дайындалып, құрбанын күтіп, терезеден бақылап отырғаны анықталған.
Қылмыстық іс Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушы ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігі "адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылып, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтей отырып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Бұрын сотталмаған. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Оның өзі полицияға қоңырау шалып, жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын хабарлады. Айыпталушының ісі ҚР ҚК-ның 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа берілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - деді Қарағанды облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі өкілдері.
Марқұм Валентин Бутенконың туыстары сот үкімімен келіспейді. Олар сотталған адам тым жеңіл жаза алды деп санайды және апелляциялық шағым түсіруге ниетті.
Сондай-ақ, адвокат сот сотталушының шын жүректен өкінетінін ешқандай себепсіз қабылдағанына сенімді.
"Сот отырысы барысында сотталған адам қылмыстың себебі туралы қарама-қайшы, түрлі айғақтар берді. Ол бүгінгі күнге дейін өз әрекеттерін түсіндірмеді. Сот дәлелдерді бір жақты зерттеуге мүмкіндік берді", - деді Алексей Кочкаров.