2025 жылдан бастап тек тіркелген тұлғалар ғана адам тасымалдай алады

0
227

Жыл басынан бері елімізде 22 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, онда 2 мың адам қаза болды.


2025 жылдан бастап тек тіркелген тұлғалар ғана адам тасымалдай алады

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Заңсыз автотасымалдаушылармен күрес қарқынды жүргізіліп жатыр. 2025 жылдан бастап жеке агрегаторлар жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген тұлғаларға ғана тапсырыс беретін болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп жазады inform.kz.

«2025 жылдан бастап жеке агрегаторлар жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген тұлғаларға ғана тапсырыс беретін болады. Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуге, автокөлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізуге, сол жақтан басқарылатын автокөліктерді пайдалануға, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады. Көрсетілген талап орындалмаған жағдайда интернет агрегаторлардың иелері жеке тасымалдаушыға тапсырыс бермеуге міндетті», - деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Қайсар Сұлтанбаев Көлік министрлігімен бірлесіп осындай тасымал түрін жүзеге асыру үшін өз бағдарламаларын ұсынатын компаниялармен меморандумдар жасалғанын атап өтті. Меморандум аясында жүргізушілер еңбек және демалыс режимін сақтауына, медициналық тексеруден өтуіне, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптар күшейтілетін болады. Интернет агрегаторлар осы кезде қосымшалардың жұмысын пысықтап жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 22 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, онда 2 мың адам қаза болды.