Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің хабарлауынша, барлығы 45 мемлекеттік қызметтің 42 түрі немесе 93-ы электронды форматта көрсетіледі.
ERNUR.KZ. Қазір елімізде әлеуметтік-еңбек саласында 45 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, деп жазады Zakon.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің хабарлауынша, барлығы 45 мемлекеттік қызметтің 42 түрі немесе 93-ы электронды форматта көрсетіледі. Оның ішінде 21 қызметті немесе 43%-ын проактивті түрде алуға болады.
2021 жылы әлеуметтік-еңбек саласында барлық мемлекеттік қызметтің 72%-ы электронды түрде көрсетілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.
Жалпы 2025 жылға қарай барлық мемлекеттік қызметті 100% электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр.
Халықтың қызмет алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында былтыр қазан айында Министрлік Каспи банкімен және Халық банкімен бірлесіп, олардың мобильдік қосымшаларында баланың тууына байланысты төлемдерді тағайындау бойынша сервистерді іске қосты. Тек 2021 жылдың төртінші тоқсанында 16,5 мыңнан астам балалы болған отбасылар үйде отырып, мобильді қосымша арқылы қызмет алды. Бұл практиканы басқа банктердің мобильді қосымшаларына енгізу жұмысы жалғасады.Серік Шәпкенов
2021 жылдың екінші жартыжылдығында бала туумен байланысты проактив форматтағы қызметтердің үлесі 12%-дан 53%-ға өсті. Мысалы, былтыр 440 мыңдай бала дүниеге келсе, оның ішінде 233 мың нәрестенің анасы әлеуметтік төлемдерді телефонға келетін хабарламаға жауап беру арқылы проактив түрде алды.
Сонымен қатар 4 немесе одан да көп баласы бар аналарға автоматты түрде көп балалы отбасыға берілетін жәрдемақы тағайындалады. Бұл қызмет бойынша проактивтілік 1%-дан 41%-ға өсті.
2020 жылғы қарашадан бастап халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде көрсету бойынша пилот жобасы кезең-кезеңімен іске қосылды. Бұрын азаматтар жұмыс табу және жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталығына, ал жұмысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруы керек еді.
Ал қазір бұл қызметтерді Электрондық еңбек биржасы арқылы онлайн алуға болады. Сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркелу мерзімі 10 күннен 3 күнге дейін қысқарды.