2026 жылдың 9 айында теміржол арқылы астық тасымалдау көлемі 12%-ға өсті

0
155

Оң динамика Орталық Азия елдеріне бағытталған тасымалдарда байқалады.


2026 жылдың 9 айында теміржол арқылы астық тасымалдау көлемі 12%-ға өсті

ERNUR.KZ. 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанның теміржол желісі арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға (9,61 млн тонна) көп. Экспорттық тасымал көлемі 8,4 млн тоннаны құрап, 14%-ға артты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Оң динамика Орталық Азия елдеріне бағытталған тасымалдарда байқалады. Ағымдағы жылдың тоғыз айында бұл елдерге теміржол көлігімен 5,5 млн тонна астық тасымалданды, 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 33%-ға жоғары. Негізгі көлем Өзбекстанға – 4,11 млн тонна (+44%) және Тәжікстанға – 1,18 млн тонна (+16%) тиесілі. Қырғызстанға 184 мың тонна, Түрікменстанға 30 мың тонна астық жөнелтілді.

Экспорттың басқа бағыттарында да тасымал көлемінің өсімі байқалады. Қытайға 750 мың тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 54%-ға көп. Ауғанстанға 762 мың тонна жөнелтілді, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 есе жоғары.

Жаңа егін жинау маусымының басталуымен астық тиеу көлемінің өсуі жалғасуда. 2026 жылғы қыркүйекте астық тиеу көлемі 1,45 млн тоннаны құрап, рекордтық көрсеткішке жетті және 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артты.

Жаңа өнімді тұрақты әрі уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Көлік министрлігі астықты теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі Астық штабын құрды. Штаб тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығының қызметін үйлестіріп, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның дайындығын бақылайды, сондай-ақ туындаған мәселелерді жедел шешу үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Жаңа өнімді тасымалдау үшін қажетті жылжымалы құрам дайындалды. Қазіргі уақытта 16,9 мың астық тасығыш, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар. Қолда бар жылжымалы құрам астықты толық көлемде тасымалдауды қамтамасыз етуге жеткілікті. Қажет болған жағдайда тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылған.