267 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды

0
92

2025 жылдың басынан бері 267,2 мың азамат, оның ішінде 45,2 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды.


267 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды

ERNUR.KZ. Платформада барлығы 809,8 мың қазақстандық тіркелген, оның 311,1 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 678,1 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Оқудан өткен 45,2 мың жұмыссыз азаматтың 12,4 мыңға жуығы негізінен Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының және Шымкент қаланың жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 1 000-н астам курс жариялады, оның 340-ы тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Шілде айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Твой карьерный старт: как использовать «Электронную биржу труда», «Кассир», «Страховой агент», «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении», «Построение отдела продаж в отеле».