Бұл шараны Синергия Бизнес Мектебі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына тарту етті.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда әлемге әйгілі мотиватор Ник Вуйчичтің және Ицхак Пинтосевичтің қатысуымен "Победитель лени. Жизнь без границ" атты мастер-классы өтті, деп жазады astana.gov.kz.
Бұл шараны Синергия Бизнес Мектебі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына тарту етті. Іс-шара әкімдіктің қолдауымен өтті. Ник Вуйчич қала тұрғындарына өз жетістіктерінің тарихын айтып, ешқашан қолдарын түсірмеуге, мақсатқа жету және балаларды басқалардың еңбегін бағалай білуге, табысқа ұқыпты қарауға үйрету әдістерімен бөлісті.
"Мен кішкентай ұлыма ақша бермеймін. Ол маған келіп,ойыншық алып беруімді сұрады. Мен оған барып, өзің сатып ал деп жауап қайтардым. Сонда менің 6 жасар ұлым аң-таң болып:"әке, менде ақша жоқ қой", -деді. Нәтижесінде анасына үй жинауға көмектесіп, менің машинамның шаңын сорып, ойыншыққа ақша жинай бастады. Ол өзгенің еңбегін бағалай бастады. Еңбек етіп, қажетті соманы жинап болған соң, ол ойыншықты сатып алудан бас тартты. Ойыншық оның қажырлы еңбегімен тепе-тең емес екендігін түсінді", - деді Н. Вуйчич.
А. Көлгінов ұйымдастырушыларға, Вуйчич мырзаға және И. Пинтосевичке мотивациялық спичтері, кейстер мен тапсырмалар үшін алғысын білдірді. Қала әкімі 35 мың шақырудың ішінен Вуйчич мырза елордаға келу ұсынысын қабыл алғанын атап өтті.
"Мақсат қоя біліп, жұмыс жасап, адал еңбектеніп, сол алға қойған мақсатқа жету шарт. Бүгін пайдалы кейстер берілді. Біз оларды өмірде қолданамыз деп ойлаймын. Білім алу,оқу - үздіксіз процесс екенін атап өткім келеді. Біз үнемі білім алуымыз керек, өйткені қазіргі заман талабына сай болуымыз керек. Бүгін 3,500 адам жалқаулықты жеңіп, алдына мақсат қоя білді деп ойлаймын ", - деді А. Көлгінов.