Оқулықта отбасы бюджетіне сараптама жүргізу жайлы тапсырма берілген.
ERNUR.KZ. "Дүниетану" пәні бойынша үй тапсырмаларының бірі қазақстандықтардың таңданысын тудырды, деп жазады stan.kz.
Оқулықта отбасы бюджетіне сараптама жүргізу жайлы тапсырма берілген. Сондай-ақ ата-анасының шығындарын да есептеу керегі жазылған.
"Салық комитеті балалар арқылы ата-анасының кірісі мен шығынын біліп алғысы келетін сияқты", – дейді жазба авторы.
Сурет желіде тараған соң қазақстандықтар мұндай тапсырманың орынсыз екенін айтып, наразылықтарын білдірді.
"Төртінші сынып оқушысы мұны қайдан білсін?", "1-сыныптың "Дүниетану" оқулығындағы 88-бетті ашыңдар. Ол жерде баладан ата-анасының қандай тәсілмен төлем жасайтынын сұраған: карта арқылы, мобильді аударым немесе қолма-қол ақша", "Ата-анасының несиесі, коммуналдық төлем есепшоты жайлы балалар қайдан білсін", – деп жазды желі қолданушылары.