5 қарашада елімізде әкімдер сайлауы өтеді

0
1 072

Экономикалық зерттеу институты еліміздің 6 облысында әкімдерді іріктеген.


5 қарашада елімізде әкімдер сайлауы өтеді

ERNUR.KZ. 5 қарашада қала мен аудан әкімдерін сайлау өтеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Экономикалық зерттеу институты еліміздің 6 облысында әкімдерді іріктеген. Олар Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстары.

Қазір Ақмола мен Қостанай облыстарына қатысты ғана нақы дерек бар. Ақмола облысындағы 5 ауданда, 23 адамның кандидатурасы ұсынылған. Оның ішінде 5 үміткерді «Amanat» партиясы, біреуін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, қалған 17-сі өзін-өзі ұсынғандар.

Ал Қостанай облысында 4 аудан мен Рудный қаласынан жалпы саны 17 адам кандидатурасын ұсынды.

Олардың бесеуі «Аmanat» партиясынан. Бір-бір үміткерден Қазақстан халықтық партиясы мен «Respublica» партиясы ұсынды. Қалған 10-ы өзін-өзі ұсынғандар. Қостанайдағы үміткерлердің барлығы – ер адамдар. Аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау әзірге пилоттық жоба ретінде ұсынылып отыр.