55 жастан асқан адамдардың жұмысқа шығуын барынша шектеу қажет

0
1 840

Оларды үйде оқшаулану режимімен қамтамасыз ету қажет.


55 жастан асқан адамдардың жұмысқа шығуын барынша шектеу қажет

ERNUR.KZ. 55 жастан асқан адамдардың жұмысқа шығуын барынша шектеу қажет. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тәжірибе «тәуекел тобы» деп аталатын тұлғалардың медицина жүйесіне үлкен жүктеме салатындығын және олардың арасында өлім-жітімнің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Олар денсаулығында кінәраты, созылмалы аурумен ауыратын 55 жастан асқан азаматтар. Олардың жұмысқа шығуын барынша шектеп, үйде оқшаулану режимімен қамтамасыз ету қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын уақытша жабу қажеттігін баса айтты. Бұл ретте барлық қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиістігін қатаң ескертті.

«Халықтың кіруі сақталатын қоғамдық нысандарда санитарлық өңдеу талаптары мүлтіксіз орындалуы тиіс. Бұл ретте ешқандай «үнемдеу» мен «оңтайландыруға» жол жоқ», -деді Қазақстан Президенті.