Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ERNUR.KZ. Еліміздің 6 өңірінде «Қандас» мәртебесін беру және «Ата жолы» картасын ресімдеу қызметтері пилоттық режимде іске қосылды, деп жазады inform.kz.
FSM Social мобильдік қосымшасы арқылы қоныс аударушылар мен қандастарды жергілікті қоғамдастыққа бейімдеу және интеграциялау қызметтері кеңейтілді. Бұл жүйе 25 қызмет түрін қамтиды және олардың нәтижесін Отбасының цифрлық картасы арқылы бақылауға болады. 12 мыңға жуық қандас пен қоныс аударушылар осы қызметтерді пайдаланып үлгерді.
Сондай-ақ шетелдік мамандар үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі кеңейтілді, Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен жұмыс берушілер үшін талаптар бекітілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін биыл қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алғанын жазған болатынбыз.