Жаңа бас санитар дәрігер болып Амантай Жұмағалиев тағайындалды.
ERNUR.KZ. Атырау облысында пандемия басталғалы бері бас санитар дәрігер жетінші рет ауысты, деп жазады Stan.kz
Жаңа бас санитар дәрігер болып Амантай Жұмағалиев тағайындалды. Ол бұрын да осы қызметте болған.
Сонымен қатар Амантай Жұмағалиев аймақ бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының міндетін атқарушы лауазымын атқарады.
Бұған дейін осы лауазымда болған Асылбек Шаров қызметіне тамыз айында келген. Ол өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазып, туған жері Маңғыстау облысына оралды.