Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр.
© Photo : Pexels / Tima Miroshnichenko
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асабаны ұстады, деп жазады sputnik.kz.
Ол Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
"Ер адаммен бірге алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған", - деп хабарлады полиция.
Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және "мак" екенін, оларды жеке қолдануы үшін сатып алғанын айтқан.
Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды, деді полицейлер.