Синоптиктердің болжауынша, ел аумағында тұман түседі.
ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 9 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп жазады kaz.zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады.
Синоптиктердің болжауынша, ел аумағында тұман түседі.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +6+8°C.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады 2-7, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +8+10°С.
Шымкентте – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +8+10°С.