90 жастан асқан Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

0
695

Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті


90 жастан асқан Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ERNUR.KZ Медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы профессор Facebook парақшасында хабарлады. Видео жариялап, індеттен құтылудың жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айтты.

"Бүгін әлемді жайлаған бір инфекция бар. Өте қауіпті індет. Ол – коронавирус инфекциясы. Бұдан сақтанудың бір-ақ жолы бар, ол – бетперде тағу, вакцина салдыру. Мен 90-нан асып бара жатырмын. Вакцина салдырдым. Ешқандай қауіп жоқ, ұйқым жақсы. Қауіпті індеттен сақ болу үшін вакцина салдырыңыз", - деді Төрегелді Шарманов.

Маман вакцина салдыру арқылы адам өзін және жақындарының өмірін сақтайтынын тағы бір рет еске салды.

Төрегелді Шарманов 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті.

Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Маман тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесіне ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады.