Абай Құнанбаевтың туған жеріне экспедиция жіберілді

0
118

Астана қаласында Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай 140-тан астам іс-шара ұйымдастырылады.


Абай Құнанбаевтың туған жеріне экспедиция жіберілді

ERNUR.KZ. Ең алдымен, 10 тамыз күні елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою жоспарланған. Ал, 8-11 тамыз аралығында Абайдың туған жеріне 25 адамнан құрылған экспедиция өтеді. Оның құрамында белгілі тарихшылар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер мен блогерлер бар. бұл жайында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында айтты.

«10 тамыз күні «Керуен» ойын-сауық орталығының жанында сағат 19.00-де «Домбыра party» шарасы өткізіледі. Оның аясында қатысушылар қазақтың қара домбырасымен Абайдың әндерін орындап, «Қара сөздерін» оқиды. Бұл кештің мақсаты - ұлы ойшылдың өнерін дәріптеу және ұлттық өнерді насихаттау»,-деді спикер.


Сонымен қатар Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің оқушылары қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен бірлесіп, мерекелік «Ән шашу» ұйымдастырады. Шара барысында ақынның бір әнін 5 мыңнан астам бала орындайды. Ал, студенттерден құрылған Sintez театры «Абай 45» деген қойылым көрсетеді.