Грекия астанасының тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр биіктікте орнатылған Қазақстан туын тамашалады.
ERNUR.KZ. Республика күніне орай Қазақстанның көк туы Афинаның ең биік нүктесі - Ликавитос тауына көтерілді, деп жазады inform.kz.
Грекия астанасының тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр биіктікте орнатылған Қазақстан туын тамашалады.
«Ерекше құттықтауды Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесі ұйымдастырды. Оның басты мақсаты - сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету», - делінген хабарламада.


