Мессенджерде «құжаттарды қағаз түрінде алып жүру керек» деген ақпарат тараған.
Фото: polisia.kz
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желі мен WhatsApp мессенджерінде таралып жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Айта кетейік, желіде тараған ақпаратта әлдекім дауыстық хабарлама арқылы «енді көлік иелері жүргізуші куәлігі мен өзге де құжаттарын өзімен бірге алып жүрмесе айыппұл салынады» деп айтады. Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп отыр.
«WhatsApp желісіндегі жүргізушілер енді барлық құжаттарды міндетті түрде өзімен бірге алып жүруі керек деген ақпараттың шындыққа жанаспайды», - дейді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Полиция жалған ақпарат тараудың жазасы бар екенін және тек ресми ақпаратқа сенуді шақырды.


