Ақбөкен популяциясын зерттеу үшін шетелден сарапшылар келеді

0
550

Мамыр айында аймаққа халықаралық сарапшылар келеді.


Ақбөкен популяциясын зерттеу үшін шетелден сарапшылар келеді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысына киіктердің көбеюінің мәселесін шешу үшін шетелдік мамандар келеді, деп жазады zakon.kz.

Мамыр айында аймаққа халықаралық сарапшылар келеді. Олар ежелгі бөкеннің популяциясын сақтау бойынша қаншалық сәтті шаралар болғанын көрсету үшін шақырылады.

"Біз оларды жағдайды сол жерде қарап шығуға, ауыл шаруашылығы ұйымдарымен кездесуге мүмкіндік алу үшін шақырдық. Сонда олар бұл мәселені тікелей өз көзімен көре алады. Иә, біз ақбөкендерді сақтауда белгілі бір жетістікке жеттік. Олар мұнымен келіседі. Бірақ қазір санын реттеу мәселесі және жанжалды жағдай қалыптасып отыр", - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким.

Сонымен бірге жергілікті ғалымдар бірегей жануар санының өсуі барлық болжамнан асып түскенін атап өтті. БҚО диқандары егін алқабын таптап жатқан киіктерді атуды бастауды талап етіп, дабыл қағып жатыр.

"Біздің аумақта 500 мыңнан артық мал болмауы керек екенін ғылым дәлелдеп отыр. Ал қазір миллион екі жүз, биыл төлдегеннен кейін 2 миллион болады. Біз қаласақ та, қаламасақ та, санын реттеу керек. Не ату, не қақпанға түсіру керек", - деді Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Табылғали Сапаров.

Кейінгі 10 жылда ақбөкендердің саны 10 есе өсті. Ғалымдар бірегей бөкендерді ату керек пе деген мәселені талқылап жатыр. Қазір 1800 бөкенді зерттеу және қолға үйрету үшін жабайы табиғаттан шығару туралы шешім қабылданды.