Ақмола облысында 13 жасар қызға іздеу жарияланды

0
622

Жасөпірім ауруханадан белгісіз бағытқа шығып кеткен.


Ақмола облысында 13 жасар қызға іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Ақпаратқа сәйкес, 13 жасар Аяшева Элеонора Рафаиловна көпсалалы облыстық балалар ауруханасында болған. Медбикенің сөзінше, сағат 18:50 шамасында жасөспірім ауруханадан өз еркімен кетіп қалған, деп жазады inbusiness.kz.

"Содан бері оның қайда екені белгісіз. Болжам бойынша, қыз капюшоны бар қара күртешеде болған. Бойы 160 см, шашы сары (иығына дейін). Бүгінде полицейлер іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Жасөспірімнің туыстары мен таныстары анықталды. Полиция қызметкерлері жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат табылса, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1а мекенжайы немесе төмендегі телефон нөмірлері бойынша ПБ-на хабарласуды сұрайды: 8-(7162)-25-78-05, 8-707-119-87-19 немесе 102 арнайы желісі", - делінген хабарламада.