Ақмола облысында әкім су үшін жұмысшыны соққыға жыққан

0
628

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Ақмола облысында әкім су үшін жұмысшыны соққыға жыққан

ERNUR.KZ. Ақмола облысында әкім су үшін жұмысшыны соққыға жыққан. Деректерге сай, алдымен олардың арасында жанжал туындаған, деп жазады stan.kz.

Острогорск ауылдық округінің әкімі Новый Колутон ауылын сумен қамтуға жауапты ЖШС жұмысшысына қол көтерген. Ер адам соққыдан құлап, денелері сырылып, көгерген, кейін сотқа жүгінген.

"К.-ның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және сарапшының қорытындысымен расталды", - делінген Ақмола облысы Астрахан аудандық сотының хабарламасында.

Сот әкімнің бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, оның мінезі байсалды екенін ескерді. Сондай-ақ іс бойынша ауырлататын мән-жайлар болған жоқ. Осыны ескере отырып, сотталушыға 15 АЕК, яғни 51 750 теңге айыппұл салынды.

"Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.